АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «БРАКОНЬЕР» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫНЫҢ 5 КҮНІНДЕ 127 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «БРАКОНЬЕР» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫНЫҢ 5 КҮНІНДЕ 127 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Алматы облысының аумағында 1-28 ақпан аралығында «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Оның мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуын болдырмау, сондай-ақ табиғи ресурстарға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау.

– Профилактика аясында 25 рейдтік іс-шара жүргізіліп, 127 құқық бұзушылық пен бір балықты өткізу фактісі анықталды. Балық пен басқа да су жануарларын заңсыз аулау бойынша екі қылмыстық іс қозғалды, – деп мәлімдеді табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері.

Сонымен қатар, рейдтердің бірінде табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері құмды аймақта тұрып қалған көлікті анықтады. Оқиға ауа райының суық кезінде орын алған, ал көлікте болған ер адам, оның жұбайы және кішкентай баласы көмекке мұқтаж болды. Полицейлер дереу көмекке келіп, көлікті құмнан шығаруға жәрдемдесіп, жүргізуші мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Құтқарылған отбасы полицейлерге дер кезінде көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғысын білдірді. Атап өтейік, «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасып, құқық қорғау органдары браконьерлікпен күресті күшейтіп, өңірдің табиғи ресурстарын қорғауды жалғастыруда.