Алматы облысының полицейлері "Есірткіге жол жоқ" арнайы маскаларды таратты

Алматы облысының полицейлері "Есірткіге жол жоқ" арнайы маскаларды таратты

С начала пандемии коронавируса сотрудники полиции Алматинской области раздали свыше 7000 масок прохожим. Жители такую акцию приветствуют и всегда встречают данную инициативу с энтузиазмом, берут маски для себя и своих близких. Очередную акцию провели сотрудники управления по противодействию наркопреступности Департамента полиции Алматинской области.
Коронавирустық пандемия басталғалы Алматы облысының полиция қызметкерлері облыс тұрғындарына 7000 астам медициналық бетперде таратты. Тұрғындар тарапынан осыған ұқсас іс-шаралар қолдауға ие және бастаманы құптап, тәртіп сақшылары таратқан бетпердеден өздеріне және жақындарына да алады. Кезекті акцияны Алматы облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өткізді.
«Қазіргі карантин жағдайында акциямыз екі мақсатты көздеді. Ең алдымен, жас ұрпаққа есірткінің зияны туралы жеткізу, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу. Маскаларда стоп-есірткі логотипі бар, ол өзінің негізгі қызметін орындау кезінде үнемі басты мақсатын еске салады», - деп түйіндеді Алматы облысы ПД ЖПБ бастығы полиция полковнигі Қазбек Мұхамедов.