
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ МОПЕДТІ ТІРКЕУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ЕРЕЖЕЛЕРІН ТҮСІНДІРДІ
Алматы облысында полиция қызметкерлері мотокөлік құралдарын тіркеу және олардың пайдалану ережелерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түсіндірді. Бұл шаралар жол қауіпсіздігін арттыруға және құқық бұзушылықтардың санын азайтуға бағытталған.
Мотокөлікті тіркеу үшін иесі жеке басын куәландыратын құжат, сатып алу-сату шарты немесе меншік құқығын растайтын басқа да құжаттарды дайындауы қажет. Құжаттарды жинағаннан кейін иесі Арнайы ХҚКО-на барып, мемлекеттік алымдарды төлеп, тіркеуге өтініш беруі тиіс. Құжаттар тексерілгеннен кейін мотоцикл есепке алынады, иесіне мемлекеттік тіркеу нөмірлері мен техникалық паспорт беріледі.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері мотокөлік жүргізушілеріне негізгі талаптарды еске салды. А, А1 немесе В санатындағы жүргізуші куәлігінің болуы. Қорғаныс жабдықтарын пайдалану. Жылдамдық режимін және жол қозғалысы ережелерін сақтау. Жарық шамдары, тежегіштері және дыбыстық сигналы жұмыс істейтін жарамды мотоциклді пайдалану.
Есіңізде болсын, жолдағы қауіпсіздік – өз қолымызда!