
ЖАРИЯЛАНЫМ ІЗІМЕН…
Алматы облысының полицейлері әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылғаны туралы жазбаны анықтап, дереу шара қабылдады.
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде құқық бұзған кәмелетке толмаған жасөспірім мен 48 жастағы көлік иесі анықталды. Оларды полиция қызметкерлері жауапкершілікке тартып, автокөлік айыптұраққа қойылды.
Сонымен қатар, жасөспірімді тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін оның анасына қатысты әкімшілік іс қозғалып, материал сотқа жолданды.
Қабылданған шаралар жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және осындай жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жауапкершілік танытуға шақырады.