АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫНАН ЕКІ КИЛОГРАММНАН АСТАМ КАННАБИС ПЕН ЗАҢСЫЗ САҚТАЛҒАН ҚАРУ ТӘРКІЛЕНДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫНАН ЕКІ КИЛОГРАММНАН АСТАМ КАННАБИС ПЕН ЗАҢСЫЗ САҚТАЛҒАН ҚАРУ ТӘРКІЛЕНДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫНАН ЕКІ КИЛОГРАММНАН АСТАМ КАННАБИС ПЕН ЗАҢСЫЗ САҚТАЛҒАН ҚАРУ ТӘРКІЛЕНДІ

Қонаев қаласында облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері мен Алматы облысының ҰҚКД бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 43 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Күдіктінің үйін тінту барысында екі килограмнан астам салмақтағы есірткі құрамдас өсімдіктер анықталып, тәркіленді. Сараптама бұл заттардың каннабис екенін растады. Сонымен қатар, заңсыз сақталған шолақ аңшы мылтығы табылды.

– Есірткі құрамдас өсімдіктерді заңсыз өсіру және қару сақтау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады ведомствода.