
Алматы облысының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қонаев қаласындағы мұз айдынында «Жастар – есірткіге қарсы» атты алдын алу акциясын ұйымдастырды.
– Іс-шара мақсаты – жастарды салауатты өмір салтына тартуға және есірткі заттарының зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. Акция барысында есірткінің қауіптілігі туралы түсіндіру жұмыстары, мұз үстінде спорттық ойындар мен жарыстар өткізілді. Жасөспірімдерге спорт тек көңілді уақыт қана емес, сонымен қатар денсаулыққа, тәртіп пен табысқа жетудің сенімді жолы екенін еске салды, - деп атап өтті облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері.
Қатысушыларға есірткі тәуелділіктің алдын алу жөніндегі кеңестер мен көмек қызметтерінің байланыс нөмірлері жазылған ақпараттық қағаздар таратылды.
Полицейлер осындай іс-шаралардың жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал ететініне сенім білдіріп, барлық қатысушыларға алғыстарын жеткізді. Есірткіге қарсы күрес, полиция жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.