АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА МОПЕД ИЕСІНЕ АЛҒАШҚЫ НӨМІРЛІ БЕЛГІ БЕРІЛДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА МОПЕД ИЕСІНЕ АЛҒАШҚЫ НӨМІРЛІ БЕЛГІ БЕРІЛДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА МОПЕД ИЕСІНЕ АЛҒАШҚЫ НӨМІРЛІ БЕЛГІ БЕРІЛДІ

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап Қазақстанда заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, мопедтер ресми түрде механикалық көлік құралдарына теңестіріледі. Бұл мопед иелеріне өз көліктерін тіркеу, мемлекеттік нөмірлі белгілер алу және А, А1 немесе В санатындағы жүргізуші куәлігін алу міндеттемесін жүктейді.

Бүгін Алматы облысында мопедке арналған алғашқы тіркеу нөмірі берілді. Мопед иесі қажетті барлық тіркеу рәсімдерін жедел түрде аяқтады. Оның айтуынша, процесс өте жылдам және түсінікті өтті. Мопедке арналған құжаттар, жеке куәлік және мемлекеттік БАЖ төлемі бірнеше сағат ішінде орындап, ол жаңа нөмірдің иесі атанды.

Айта кетейік, бұл өзгерістер жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Соңғы жылдары Қазақстанда мопедтердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны артты. Көбінесе мопед иелері жол қозғалысы ережелерін елемей, көліктері қатаң бақылауға алынбаған еді.

– Бұл шара мопедтердің қозғалысын реттеуге, жол апаттарының санын азайтуға және олардың иелерінің жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді. Біз барлық мопед иелерін тіркеу үшін құжаттарын алдын ала дайындап, көлік жүргізу дағдыларын меңгеруге шақырамыз, – деп атап өтті полиция қызметкерлері.