1️⃣БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕР (Әскери-дәрігерлік комиссиясы)
➡️БІЛІМІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР : Орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін жоғары медициналық (әскери-медициналық) білім.
➡️КӘСІБИ МІНЕЗДЕМЕЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР : Осы санат бойынша лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім.
Осы санат бойынша арнайы сертификаттың болуы. Клиникалық, эксперттік және медициналық (әскери-медициналық) желілері бойынша жұмыс өтілінің бар болуы.
2️⃣САПТЫҚ БӨЛІНІСІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ (Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ бөлінісі )
➡️БІЛІМІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР : Орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін жоғары білім немесе арнайы және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім.
➡️КӘСІБИ МІНЕЗДЕМЕЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР : Осы санат бойынша лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім. Қарулы Күштер қатарында қызмет өткеру немесе Қазақстан Республикасының оқу орындары жанындағы әскери кафедра курстарын аяқтау.
Күрес түрлері бойынша немесе ату бойынша спорттық, біліктілік разрядтарының болуы (қосалқы қызмет қызметкерлерін қоспағанда).
3️⃣ЖЕДЕЛ УӘКІЛ (Қалалық және аудандық басқарма, бөлімдерінің криминалдық полиция бөлімдері мен бөлімшелері)
➡️БІЛІМІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР : Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім.
➡️КӘСІБИ МІНЕЗДЕМЕЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР : Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті тиісті дағдылар және басқа да міндетті білімдер.
4️⃣ТЕРГЕУШІ (Қалалық және аудандық басқарма, бөлімдерінің тергеу бөлімдері)
➡️БІЛІМІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР : Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары заңгерлік.
➡️КӘСІБИ МІНЕЗДЕМЕЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР : Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті тиісті дағдылар және басқа да міндетті білімдер. Тиісті ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдыларының бар болуы.
5️⃣УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫ ТОБЫНЫҢ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ ( Қалалық және аудандық басқарма, бөлімдерінің жергілікті полиция қызметі бөлімдері, бөлімшелері )
➡️БІЛІМІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР : Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары заңгерлік.
➡️КӘСІБИ МІНЕЗДЕМЕЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР : Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті тиісті дағдылар және басқа да міндетті білімдер. Қарулы Күштер қатарында қызмет еткен. Тиісті ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдыларының бар болуы.
6️⃣ИНСПЕКТОР (Қалалық және аудандық басқарма, бөлімдерінің жергілікті полиция қызметі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімше топтары )
➡️БІЛІМІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР : Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім.
➡️КӘСІБИ МІНЕЗДЕМЕЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР : Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті тиісті дағдылар және басқа да міндетті білімдер.
7️⃣ЖҮРГІЗУШІ –ПОЛИЦЕЙІ (Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ бөлінісі )
➡️БІЛІМІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР : Орта білім.
➡️КӘСІБИ МІНЕЗДЕМЕЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР : Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті тиісті дағдылар және басқа да міндетті білімдер. Мемлекеттік тілді білу. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету, жүргізуші куәлігінің болуы, Жол қозғалысы ережелерін және көлік құралдарын жүргізу дағдыларын білу.
8️⃣ЖҮРГІЗУШІ –ПОЛИЦЕЙІ (Қалалық және аудандық басқарма, бөлімдерінің қылмыс жасағаны үшін күдіктілер мен айыпталушыларды уақытша ұстау изоляторлары )