НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, АЛАЯҚТАР QR-КОДТАРДЫ ҚОЛДАНУДА!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, АЛАЯҚТАР QR-КОДТАРДЫ ҚОЛДАНУДА!

Қазіргі уақытта үй чаттарына қосылуды ұсынатын жалған хабарландырулар таралуда. Алаяқтар QR-кодтары бар хабарландыруларды көпқабатты үйлердің кіреберістеріне, қабаттарына, қоғамдық көліктерге және басқа да адам көп жиналатын орындарға жабыстырып жүр.

Бұл схема қалай жұмыс істейді? Телефон камерасын осындай QR-кодқа бағыттаған кезде автоматты түрде жалған сайтқа өту немесе қосымшаны іске қосу орын алады. Бұл әрекет:
– Жеке деректеріңізге қол жеткізуі мүмкін;
– Банктік картадан автоматты түрде ақша шешіп алуы мүмкін;
– Құрылғыңызға зиянды бағдарламаны орнатуы мүмкін.

Өзіңізді қалай қорғауға болады?
1. Белгісіз QR-кодтарды сканерлемеңіз;
2. Күмәнді жапсырмаларды байқасаңыз, оларды алып тастап, қоқысқа тастаңыз, осылайша басқалардың да алаяқтық құрбаны болуына жол бермейсіз;
3. Құрылғыңызға антивирустық бағдарламаларды орнатыңыз, олар күмәнді сілтемелерге өткен кезде ескерту жасайды;
4. Осындай хабарландырулар үйіңізде пайда болса, дереу полицияға хабарлаңыз.

Есіңізде болсын, сіздің мұқияттылығыңыз – алаяқтықпен күрестегі басты құрал!