
20 қаңтарда Алматы облысының патрульдік полицейлері көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, көлікті мас күйінде жүргізген 34 жастағы ер адамды ұстады.
Оқиға таңертең Тұздыбастау ауылын патрульдеу барысында орын алды. Полицейлердің назары «Volkswagen Passat» маркалы көлігіне түсіп, тексеру жүргізілді. Тексеру кезінде жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғаны және бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Енді құқық бұзушыға бес жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.
Құқық қорғау органдары көлік құралын масаң күйде жүргізу үлкен қауіп төндіретінін және қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жазаланатынын еске салады.