
Алматы облысы аумағында қардың көп түсуіне, желдің күшею қаупіне және көктайғақтың болуына байланысты ауа райының айтарлықтай нашарлауы болжануда.
Өңірлік полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, ауа райы жағдайын ескеріп, көлік жүргізу кезінде аса мұқият болуға кеңес береді. Құтқару қызметтерінің ескертулері мен метеорологиялық болжамдарға ерекше назар аудару қажет.
Жол апаттарын болдырмау үшін жүргізушілерге:
– Қажеттілік болмаған жағдайда алыс сапарларға шықпау;
– Жылдамдықты азайтып, көліктер арасындағы қашықтықты ұлғайту;
– Қысқы шиналарды пайдаланып, көліктің техникалық жағдайын үнемі тексеру;
– Кенеттен маневрлер мен тежелулерден аулақ болу ұсынылады.
Жаяу жүргіншілер де абай болу керек, жолдарды тек белгіленген жерлерден кесіп өтіп, асықпауға және тротуарлардың тайғақ бөліктеріне назар аударуға кеңес береді.
Есіңізде болсын, сіздің қауіпсіздігіңіз – өз қолыңызда!