АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ПОЛИЦЕЙЛЕР 250 МЫҢҒА ЖУЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ПОЛИЦЕЙЛЕР 250 МЫҢҒА ЖУЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ

Алматы облысының полиция қызметкерлері өңір аумағында қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша айтарлықтай жұмыс атқарды. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары 248 987 құқық бұзушылықтардың жолын кесті.

– Анықталған құқық бұзушылықтардың жалпы санының 167 719 жол қауіпсіздігіне қатысты. Жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауға ерекше назар аударылды, соның ішінде жылдамдықты асыру, мас күйінде көлік құралдарын басқару, қауіпсіздік белдіктерін пайдалануды елемеу және басқа да қауіпті маневрлар. Полицияның күш-жігері апаттылықты азайтуға және жол қозғалысының барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, – деп атап өтті облыстық әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері.

Сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздікке қатысты 81 268 бұзушылық тіркелді. Полицейлер көшелер мен қоғамдық орындарды үнемі бақылап, бұзақылық, алкоголь өнімінің заңсыз айналымы және басқа да құқық бұзушылықтар жағдайларына жедел ден қояды. Қылмыстың алдын алу аясында, жастар арасында үлкен жұмыс атқарылуда.

– Құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыру үшін бейнебақылау камераларын, жолдардағы интеллектуалды бақылау жүйелерін, сондай-ақ техниканың соңғы сөзімен жабдықталған арнайы автомашиналарды қоса алғанда, заманауи технологиялар пайдаланылады. Бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың құқықтық санасын арттыруға бағытталған рейдтер мен профилактикалық іс-шаралар үнемі жүргізілуде. Өңір полициясы да азаматтарды заңнаманы сақтауға шақыра отырып, халықпен белсенді қарым-қатынас жасауда. Заңға бағынатын мінез-құлық мәдениетін насихаттауға бағытталған ақпараттық кампаниялар, жұртшылық өкілдерімен кездесулер және жастарға арналған білім беру бағдарламалары үнемі өткізіліп тұрады, – деп толықтырды тәртіп сақшылары.

Өңір полициясы құқық бұзушылықтың алдын алу және облыс тұрғындары мен қонақтары үшін қауіпсіз және жайлы орта құру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.