
Облыстық экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері дін істері басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп Жамбыл ауданында жалпы білім беретін оқу орындарының оқушыларына сабақ өткізді.
Кездесудің мақсаты зайырлы қағидаттарды сақтаудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру, сондай-ақ діни экстремизмнің қоғамдық қауіптілігін түсіндіру болды.
Оқушыларға терроризм қаупі төнген жағдайда мінез-құлық ережелері, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іс-қимыл алгоритмі, сондай-ақ террористік қауіп туралы көрінеу жалған хабарлар үшін қылмыстық жауапкершілік туралы айтылды. Жоғарғы сынып оқушылары деструктивті діни ағымдардың қаншалықты қауіпті екенін және манипуляцияның құрбаны болмас үшін ақпаратқа сыни көзқарастың қаншалықты маңызды екенін білді.
Мұндай сабақтар жастардың қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және экстремизм мен терроризмге байланысты қылмыстардың алдын алуға бағытталған.