ІЛЕ АУДАНЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР БІР АПТА ІШІНДЕ ІЗІН СУЫТПАЙ КӨЛІК ҰРЛЫҒЫН ЖАСАҒАН ЕКІ КҮДІКТІНІ АНЫҚТАДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР БІР АПТА ІШІНДЕ ІЗІН СУЫТПАЙ КӨЛІК ҰРЛЫҒЫН ЖАСАҒАН ЕКІ КҮДІКТІНІ АНЫҚТАДЫ

Іле ауданының полиция қызметкерлері «Учаске» жедел профилактикалық іс-шара аясында көлік құралдарын ұрлаудың екі фактісін ашты. Қазіргі уақытта екі қылмыс бойынша да тергеу жүргізілуде.

– Бірінші оқиға 5 қарашада Байсерке ауылының 33 жастағы тұрғыны дүкеннің сыртында тауарды түсіру үшін қалдырылған «Газель» көлігін ұрлап кеткен кезде болды. Полицияның жедел әрекетінің арқасында күдіктінің жеке басы анықталып, көлік иесіне қайтарылды.

11 қарашада тағы бір жағдай тіркелді: «КІА К5» автокөлігінің иесі полицияға ұрлап кету туралы шағыммен жүгінді, залал 8,5 миллион теңгеге бағаланды. Полицейлер Қызылорданың 44 жастағы тұрғынын жедел түрде анықтап, әрі қарай ісін қарастыру үшін бөлімшеге жеткізілді, – деп хабарлады полиция.

Ұрлаудың екі фактісі де аудандық полицияда тіркелген, құқық қорғау органдары ұсталғандардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.