АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ БІРНЕШЕ МӘРТЕ АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАҒАН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ БІРНЕШЕ МӘРТЕ АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАҒАН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ

Жамбыл аудандық полициясының жедел уәкілдері бірқатар алаяқтық жасады деп күдіктелген 27 жастағы азаматты ұстады.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, қазір оған қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

– Ұзынағаш ауылының тұрғыны полицияға белгісіз ер адам пәтер сатып алуға көмектесуге уәде беріп, оның 2 млн 150 мың теңге сомасында ақшасын иемденіп алғанын мәлімдеген. Тергеу іс-шаралары барысында күдікті тағы екі адамды алдап, оларға пәтер және жер учаскесін сатып алуға уәде беріп, 5 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны белгілі болды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 7 млн 375 мың теңгені құрады, – деді Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Данияр.

Қазіргі уақытта полиция күдіктінің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруді жалғастыруда. Тәртіп сақшылары азаматтарға кез-келген мәміле жасау кезінде қырағы болуды ескертеді.