ПОЛИЦЕЙЛЕР ІЛЕ АУДАНЫНДА ВЕЙПТЕРДІҢ ЗАҢСЫЗ САТЫЛУЫН ТОҚТАТТЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ІЛЕ АУДАНЫНДА ВЕЙПТЕРДІҢ ЗАҢСЫЗ САТЫЛУЫН ТОҚТАТТЫ

Полицейлер Іле ауданында электронды вейптерді заңсыз сату фактісін анықтады.

– «Учаске» профилактикалық іс-шара барысында Байсерке ауылындағы орналасқан дүкендердің бірінен тыйым салынған құрылғылар табылды. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу жалғасуда, – деп атап өтті Іле аудандық полиция басқарамасында.

Электрондық вейптер мен темекіні жылытуға арналған құрылғылар нарықты белсенді түрде жаулап алуда, бірақ көпшілігі олардың әлі де денсаулыққа қауіп төндіретінін білмейді. Оларда никотин жану емес, қыздыру арқылы шығарылады, бұл қауіпсіздік елесін береді. Алайда, медициналық зерттеулер ингаляциялық түтіндердің тыныс алу проблемаларына, жүрек-қан тамырлары ауруларына және онкология қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін екенін дәлелдейді.

Денсаулығыңызға мұқият болыңыз және жаман әдеттерден саналы түрде бас тартуды таңдаңыз.