
Алматы облысының полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шараның 3 күнінде 2000-нан астам құқық бұзушылықтың жолын кесті.
– ЖПІШ барысында бұрын жасалған 12 қылмыс ашылды, іздеуде жүрген 8 қылмыскер және есепке тұрған 3 заңсыз иммигрант ұсталды. Есірткі заттарын сақтағаны үшін 7 күдікті ұсталды, 11 кг-нан астам есірткі заттары тәркіленді. Атыс қаруы мен суық қаруды заңсыз алып жүргені үшін 6 адам ұсталды, – деп атап өтті Алматы облысы ПД ЖПҚБ бастығының м.а. Мұрат Қалиасқаров.
Іс-шара аясында ІІО-да есепте тұрған азаматтарды тексеруге ерекше назар аударылды. Барлығы 1615 адам тексерілді, оның ішінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, бақылаудағы және пробациядағы адамдар. Тексеру барысында бақылаудағы адамдар тарапынан белгіленген шектеулердің 12 бұзушылығы анықталды.
– ЖПІШ үш күн ішінде облыста 2267 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 43 бұзушылық, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 119 адам жауапқа тартылды. Сонымен қатар, тыныштықты бұзудың 62 фактісі, көлік құралын мас күйінде басқарудың 12 дерегі, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзудың 514 жағдайы анықталды, – деп толықтырды М.Қалиасқаров.
Қабылдау-тарату орнына 14 адам орналастырылды, уақытша бейімдеу және интоксикация орталығына 9 адам жіберілді, олардың екеуі кәмелетке толмаған.