Алматы облысының полицейлері із-түзсіз жоғалған жасөспірімді пойыз ішінде ұстады

Алматы облысының полицейлері із-түзсіз жоғалған жасөспірімді пойыз ішінде ұстады

Алматы облысының полиция қызметкерлері жоғалған жасөспірімді Алматы – Нұр-Сұлтан бағытындағы пойыздан тапты. Оның Нұр-Сұлтан қаласына билет сатып алып, таныстарына барып келгені белгілі болды.
«Полицияға жоғалған жасөспірімнің әкесі арызданған. Ол ұлына тән барлық белгілерді айтып берді. Жасөспірімді іздеу жұмыстарына біз полицияның барлық күштері мен жасақтарын жұмылдырдық. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында жасөспірімнің интернет арқылы Нұр-Сұлтан қаласына билет сатып алып, сол жаққа кетіп қалғаны анықталды. Жедел уәкілдер ол келе жатқан пойызды анықтап, оны сол жерде ұстады. Із-түссіз жоғалған кәмелеттік жасқа толмаған студент өзінің ата - анасына аман-есен табысталды», - деді Қарасай аудандық ПБ бастығы полиция майоры Болат Тотыбаев.
Әдетте, мұндай жағдайларда полицейлер кәсіби психологтардың қатысуымен жасөспірім мен оның ата-анасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Тәртіп сақшылары жасөспірімге қатаң ескерту жасап, осындай жауапсыз қылықтардың соңы неге әкеп соғатыны туралы мысалдар келтірді.