
Райымбек ауданында ауылдас жігіттердің сөзге келіспей қалуы қылмысқа ұласып, 20 жастағы жігіттің ауыр дене жарақатын алып, ауруханаға түсуімен аяқталды.
Қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары барысында ауылдасына қасақана пышақ жарақатын салған 20 жастағы жігіт екені анықталды. Оқиға орнынан қылмыс құралы болған пышақ табылып, іс материалдарына айғақзат ретінде тіркелді.
«Жастар арасындағы кикілжің ауыр қылмысқа әкеп соққан. Қазір оқиғаға қатысқан тұлғалар анықталды. Медициналық куәландыру барысында олардың ішімдік ішпегені белгілі болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,- деп атап өтті Райымбек ауданы Полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Мұрат Нұрдаулетов.
Ведомство басшысының ақпараты бойынша, тергеу барысында тәртіп сақшылары ауыл балаларының арасындағы кикілжің неден туындап, қылмысқа баруына не себеп болғаны анықталатын болады.