Алматы облысының полициясы: жалған полицейдің қатысуымен жасалған жарнамалық ролик үшін ұйымдастырушыларға 1,5 млн теңгеден астам айыппұл салды

Алматы облысының полициясы: жалған полицейдің қатысуымен жасалған жарнамалық ролик үшін ұйымдастырушыларға 1,5 млн теңгеден астам айыппұл салды

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Instagram әлеуметтік желісінде автошиналар сататын дүкендердің бірінің жарнамалық бейнеролигі анықталды. Тексеру барысында бейнежазбадағы жігіт полицияға еш қатысы болмаса да, оның арнайы киімін киіп, өзін полиция капитаны ретінде танығаны анықталды. Сондай-ақ, ол тексеруге келгенін айтып, көліктің екі дөңгелегін сатып алып, камераға «...мен мына шиналарды не үшін сатып алдым» деп сұрайды.
«Полицейлердің арнайы нысанды киімін оған ешқандай қатысы жоқ азаматтардың пайдалануы орынсыз және роликтің қатысушылары мен ұйымдастырушыларының әрекеттері қазақстандық полицияның имиджіне нұқсан келтіріп, оның беделін түсірді деп санаймын. Аталған факті бойынша әкімшілік материал жинақталды және интернет жарнамаға түскен 29 жастағы актер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның әрекетінде ҚР ӘҚБК 675-бабында сәйкес құқық бұзушылық белгілері, яғни нысанды киім мен арнайы киім-кешекті заңсыз кию дерегі анықталды. Сонымен қатар, құқық бұзушының әрекеті ҚР ӘҚБК 73-3 бабының 2-тармағына сәйкес «жала жабу» дерегі үшін 650 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл немесе 25 тәулікке қамауға алу қарастырылған», - деді Алматы облыстық ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Чарапиев.
Сонымен бірге, Талдықорған қаласының 27 жастағы тұрғынының ұйымдастырушының екені анықталды. Ол бойынша әкімшілік материал қалалық әкімдіктің Кәсіпкерлік бөліміне жолданды. Енді олар да заңнамаға сәйкес тиісті шара қолданады. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған мазмұндағы жарнама әлеуметтік желілерден алынып тасталды және жалған полицейдің арнайы айырым белгілері мен символикасы бар киімі тәркіленді.«Считаю, что использование специальной форменной одежды полицейских гражданами, не имеющие никакого отношения к ней в корытных целях, не допустимо и действия участников и организаторов ролика нанесли урон имиджу казахстанской полиции и дискредитировали ее. По данному факту был собран административный материал и участник интернет рекламы - 29-летний актер, привлечен к административной ответственности по признакам правонарушения, предусмотренного ст.675 КРКобАП – незаконное ношение форменной одежды и специального обмундирования, а также ст. 73-3 ч.2 КРКобАП – «Клевета», которая предусматривает административный штраф в размере 650 МРП или арест на 25 суток», - сообщил заместитель начальника Следственного управления ДП Алматинской области полковник полиции Руслан Чарапиев.
Кроме того, установлена личность организатора – 27-летнего жителя города Талдыкорган, административный материал по нему уже передан в отдел предпринимательства Акимата, которые тоже примут к нему меры в соответствие с законодательством. В настоящее время реклама вышеуказанного содержания, удалена в сети, псевдополицейская форма со знаками различия и специальной символикой, конфискована.