АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ТЕРРОРИЗМ АКТІСІ ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН ХАБАРЛАМА ҮШІН ЖАУПКЕРШІЛІК ҚАРАСТЫРЫЛҒАНЫН ЕСКЕ САЛАДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ТЕРРОРИЗМ АКТІСІ ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН ХАБАРЛАМА ҮШІН ЖАУПКЕРШІЛІК ҚАРАСТЫРЫЛҒАНЫН ЕСКЕ САЛАДЫ

Алматы облысының полицейлері облыс орталығының оқушыларына терроризм актілері туралы көрінеу жалған хабарлар үшін қылмыстық жауапкершілік туралы айтып берді.

– Мұндай әрекеттердің нәтижесінде азаматтарға да, жалпы мемлекетке де елеулі материалдық залал келтірілетінін атап өту қажет. Құқық қорғау органдарының, өртке қарсы қызметтің, жедел медициналық көмектің қызметкерлері жалған шақыру бойынша дереу шығады, ал әртүрлі мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлерінің жұмыс кестелері бұзылады. Барлық осындай қауіп-қатерлер бойынша тексерулер жүргізіледі, ресурстар жұмсалады, жарылғыш құрылғыларды іздеу және ықтимал жағымсыз салдарға жол бермеу бойынша шұғыл шаралар қабылданады, – деп атап өтті ПД ЭҚІҚБ қызметкерлері.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Азаматтардың шұғыл қызметтер жалған қоңырауларға алаңдай отырып, олар шынымен күткен жерге жете алмауы мүмкін екенін есте ұстауы керек.

Сондай-ақ, оқушыларға террористік қауіп туындаған кезде әрекет ету алгоритмі түсіндіріледі.

– Тыңдаушылар білім министрлігінің «ҚР Білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығының талаптарымен танысады, – деп толықтырды полицияда.

Бүгінгі таңда мұндай сабақтар өңірдің барлық жалпы білім беретін мектептерінде өткізіледі.