
Алматы облысының полициясы жол қозғалысы ережелерін сақтауда елеулі қолдау көрсететін жергілікті белсенді Шалёный Виктордың белсенді азаматтық ұстанымын атап өтті. Оның жолдарда болып жатқан оқиғаларға бей жай қарамай, назар аударуының арқасында көптеген құқық бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік туды, бұл тәртіпті сақтауға және аймақтағы апатты азайтуға ықпал етеді.
– Біз жолдардағы қауіпсіздікті сақтауға қоғамның қатысудың маңыздылығын атап өтеміз, өйткені белсенді азаматтық ұстаным — бұл тәртіп пен қауіпсіздіктің кепілі. Виктор Сергеевичтің баға жетпес үлесін бағалай отырып біз оны Алғыс хатпен және естелік сыйлықпен марапаттадық, – деп атап өтті Алматы облысы ПД ЖПҚБ бастығының м.а. Мұрат Қалиасқаров.
Виктор Шалёный құқық бұзушылар туралы ақпаратты тұрақты негізінде құқық қорғау органдарына хабарлай отырып қауіпті жағдайларға жедел әрекет етуге көмектесі. Осындай ынтымақтастықтың арқасында облыс жолдарындағы қауіпсіздік айтарлықтай жақсарды, бұл жүргізушілер арасындағы тәртіптің жалпы деңгейіне оң әсерін тигізді.
– Біз жолдардағы тәртіпті сақтауға үлес қосатын әрбір адамды бағалаймыз. Қауіпсіздік – бұл ортақ мақсат және мұндай бастамалар бізге жақсы нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі, — деп толықтырды М.Қалиаскаров.
Қауіпсіз жол әркімнің жауапкершілігі мен қатысуына байланысты екенін еске сала отырып Алматы облысының полицейлері азаматтарды ынтымақтастыққа шақыруды жалғастыруда.