
Ең үздік жедел уәкіл деп танылған Арман Ибрагимовтың күнделікті өмірі – тұрақты шиелініс және қылмыспен күрестен тұрады, ол өз кезегінде ісіне жан-тәнімен берілуді талап етеді. Оның тәжірибиесінде көптеген ашылған қылмыстар және әр операция тек кәсібилікті ғана емес, сонымен бірге криминалдық полиция қызметкерлерінің күн сайынғы қабылдайтын қаупі де бар.
Полиция подполковнигі Ибрагимов 2007 жылы ҚР ІІМ Алматы заң колледжін бітіргеннен кейін Алматы облысы мен Алматы қаласы полициясының жедел қызметтерінде жұмыс істеді. Қазіргі уақытта оның қызметі қарақшылық шабуылдар мен тонауды ашумен байланысты.
Криминалдық полиция жедел уәкілдері жұмысының маңызды бөлігі – әріптестерімен өзара іс-қимыл болып табылатынын айта кету жөн, себебі қылмыстарды ашу – әр бөлімше қызметкері жалпы нәтижеге өз үлесін қосатын командалық жұмыс.