АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР КЕЗЕКТІ ЕСІРТКІ ЗЕРТХАНАСЫН ЖОЙДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР КЕЗЕКТІ ЕСІРТКІ ЗЕРТХАНАСЫН ЖОЙДЫ

Алматы облысындағы есірткіге қарсы күрес полицейлері он үшінші есірткі зертханасын жойды.

Жедел іздестіру іс-шаралар барысында облыстық есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Талғар ауданында жалдамалы үйде есірткі зертханасын ұйымдастырған 35 жастағы облыс тұрғынын ұстады.

– Тексеру барысында 336 грамм «мефедрон» психотроптық заты, 36 келіден астам прекурсорлар, сонымен бірге 1 канистр тұз қышқылы және химиялық заттарды синтездеуге арналған реагенттер табылып, тәркіленді. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, – деп хабарлады полицияда.

Полиция есірткі құралдары мен психотроптық заттардың таралуына қатысты барлық белгілі фактілерді аумақтық ішкі істер органдарына немесе 102 нөміріне хабарлау қажеттігін еске салады.