Алматы облысының полиция департаментінде қызметтік міндеттерін атқару кезінде жоғары кәсібилік пен жауапкершілік танытқан полиция қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу кезінде қызметтік міндеттерін мінсіз орындағаны және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткені үшін бес қызметкер ҚР Ішкі істер министрінің құзырымен мадақталды. Сондай-ақ, Алматы облысы ПД бастығының бұйрығымен талмасы ұстаған ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсеткен екі қызметкер марапатталды.
Мұндай жетістіктер тек жоғары кәсібиліктің ғана емес, сонымен бірге адалдықтың, қоғамға қызмет етуге дайын болудың нәтижесі болып табылады. Марапатталғандардың әрқайсысы терең құрмет пен ризашылыққа лайық. Олардың үлгісі бәрімізді Отанымыз бен азаматтарымыздың игілігі үшін одан да жанқиярлық жұмыс істеуге шабыттандырады.