Алматы облысының полицейлері заңсыз аң аулау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеуге мүмкіндік беретін барлық қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды. Ұсталғандар заң аясында уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын анықтау үшін қосымша тергеу жүргізілуде.
Айта кетсек, 26 қыркүйек күні сағат 08:30-да Балқаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы облысы ПД ЖПҚБ және «Охотзоопром» РМҚК бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді, нәтижесінде Бірлік ауылының маңындағы «Қонаев-Бақанас-Қараой» автожолында «УАЗ» маркалы автокөлікті басқарған Жетісу облысының 58 жастағы тұрғыны ұсталды.
Көлік құралын тексеру кезінде автокөліктің салонынан тіркелген ойық ұңғылы және тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, сондай-ақ болжам бойынша Қызыл кітапқа енген «Қарақұйрық» жануарының бір денесі, табылып, тәркіленді. Сонымен қатар, көлікте үш жолаушы болған. Анықтау барысында оларда аң аулауға лицензиясы болмаған.