ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ЖОЛ АПАТЫНАН ҮШ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ЖОЛ АПАТЫНАН ҮШ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Еңбекшіқазақ ауданында жол апаты үш адамның өмірін қиды. Zeekr 001 жүргізушісі Талғар-Есік автожолының 36 шақырымында келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Daewoo Matiz автокөлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан Daewoo Matiz автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде есін жимай көз жұмды.

Жол апаты фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Zeekr 001 жүргізушісі қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Өңір полициясы барлық жүргізушілерді белгіленген жылдамдық режимін асырмай, жол қауіпсіздігі талаптарын мүлтіксіз сақтауға және ҚР Жол ережелерін бұзбауға шақырады.