Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында 20 қыркүйекте Қарасай ауданының Қаскелең қаласында орын алған жастар арасындағы бұзақылық фактісі анықталды.
Тәртіп сақшылары жанжалдың барлық қатысушыларын ұстап, аудандық полиция басқармасына жеткізді.
Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жанжалдың барлық қатысушылары ұсталып, полицияға жеткізілді.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталуда. Барлық кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапкершілікке тартылатын болады.