
Полицейлер еріктілермен, қоғам белсенділерімен және жастармен бірлесіп, Қарасай ауданында есірткі-граффитиді бояу бойынша іс-шаралар өткізді.
Акцияға барлығы 80-ке жуық адам қатысты. Жастар бірнеше топқа бөлініп, халық арасында кітапшалар таратып, сондай-ақ бояу құтыларымен қырықтан астам есірткі жарнамасымен, есірткіні насихаттайтын және таратуға ықпал ететін сайттармен тұрғын үйлердің, гараждардың, әкімшілік ғимараттардың қабырғаларындағы есірткі граффитиін бояды.