ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРЫ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ АКЦИЯ ӨТКІЗДІ

ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРЫ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ АКЦИЯ ӨТКІЗДІ

Іле ауданының кадеттері, еріктілері мен жастары өңірдің құқық қорғау органдары ұйымдастырған акцияға белсенді қатысты.

– Мұндай іс-шаралардың мақсаты – балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың алдын алу, нашақорлыққа қарсы күресте шараларды күшейту мен жасөспірімдерде патриотизм сезімін қалыптастыру, – деп атап өтті облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында.

Акцияға барлығы 70-ке жуық адам қатысты. Жастар бірнеше топқа бөлініп, халық арасында кітапшалар таратып, сондай-ақ бояу құтыларымен елуден астам есірткі жарнамасымен, есірткіні насихаттайтын және таратуға ықпал ететін сайттармен тұрғын үйлердің, гараждардың, әкімшілік ғимараттардың қабырғаларындағы есірткі граффитиін бояды.

Биыл полицейлер 64 есірткіге қатысты бұзушылықтар мен 152 қылмысты анықтады, оның ішінде 40 дерек есірткі заттарын сату, 24 есірткі заттарын сақтау және 3 заңсыз жарнама фактісі. Жыл басынан бері құқық қорғау органдары 12 есірткі зертханасын жойды.

Егер сізге есірткі және психоактивті заттарды сақтау, сату фактілері, сондай-ақ оларға қатысы бар адамдар белгілі болған жағдайда, өңір тұрғындарын есірткі таратудың жалпы проблемасынан тыс қалмауға, азаматтық ұстаным танытуға және 102 полицияның кезекші бөлімінің пультіне жүгінуге шақырамыз, анонимділікке кепілдік беріледі.