
12-14 қыркүйекте Алматы облысында күш құрылымдары арасында жауынгерлік қарудан атудан ҚР чемпионаты өтті.
Іс-шара ҚР ІІМ және «Динамо» ДШСҚ Алматы облыстық полиция департаментінің қолдауымен ұйымдастырды. Оған барлық құқық қорғау және арнайы ведомстволар тарапынан 28 команда қатысты.
Екі күндік байқаудың қорытындысы бойынша қатысушылар арасында үздік командалар анықталды – Алматы, Алматы облысы және Қарағанды облысының полиция департаменттерінің құрамалары. Күш құрылымдарының ішінде ҚР ІІМ командасы үздік атанды, екінші жүлделі орынды «Динамо» командасы, үшінші орынды ҚР Ұлттық ұланы иеленді.