
Алаяқ балаларды емдеуге қаражат жинап, сенімді азаматтарды 32 миллион теңгеден астам сомаға алдады.
Полицейлермен Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды, ол Талғар ауданының балаларына емдеуге қаражат жинауға көмек көрсету сылтауымен Instagram әлеуметтік желісінде парақша ашқан.
– Алаяқ онкологиялық аурумен ауыратын балалардың суреттерін пайдаланып, жалған банк картасының деректемелерін орналастырғаны анықталды. Ақшалай қаражаттың қозғалысын қадағалап, біз Шымкент қаласының тұрғыны болып табылатын күдіктіні анықтай алдық. Қазір 32 миллион теңгеден астам сомаға жалған есеп шотқа 6 000-ға жуық ақша аударымы анықталды, – деп хабарлады полицияда.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Оның басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.