40-ТАН АСТАМ ЖОҒАЛҒАН АДАМДЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ ЕРІКТІЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ІЗДЕП ТАПТЫ

40-ТАН АСТАМ ЖОҒАЛҒАН АДАМДЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ ЕРІКТІЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ІЗДЕП ТАПТЫ

Жыл басынан бері Алматы облысының полицейлері хабар-ошарсыз кеткен сексен екі адамның орналасқан жерін анықтады. Әрбір іздеу іс шарасына «LIDER.KZ» еріктілер қозғалысының өкілі белсенді түрде қатысуда.

– Тәртіп сақшылары еріктілер қозғалыстарымен тұрақты түрде жұмыс істеуде. «LIDER.KZ» еріктілер қозғалысының мінсіз жұмысын атап өткім келеді. Олар күндіз де, түнде де байланыста. Хабар-ошарсыз кеткен адамдардың көбісі олардың тікелей көмегімен табылған, – деп атап өтті Алматы облысы ПД КПБ бастығы Руслан Смағұлов.

Жыл басынан бері құқық қорғау органдары хабар-ошарсыз кеткен 82 адамды іздестіріп тапты, оның ішінде 44 іздестіру іс-шарасына еріктілер қатысты.

Егер адам жоғалып кетсе, таныстарына, достарына және туыстарына дереу қоңырау шалу керек. Қандай да бір ақпарат болмаған жағдайда, жоғалған адамның соңғы белгілі болған жері бойынша полиция бөліміне немесе жақын жердегі полиция бөліміне дереу хабарласу қажет.