
Бір күнде Алматы облысының белсенді жастары 1000-ға жуық графити жазуды бояды.
Іс-шараны облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері прокуратураның, еріктілердің, кадеттердің, сондай-ақ жастар ұйымдарының қатысуымен ұйымдастырды.
– Іс-шара бүкіл аймақтан 2000-нан астам адамды жинады. Құқық қорғау органдарымен бірге акцияға 486 ерікті, кадет сыныптарының 124 оқушысы, үкіметтік емес ұйымдардың 147 өкілі, сондай-ақ «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» қоғамдық бірлестігінің 215 белсендісі қатысты. Синтетикалық есірткінің таралуы туралы ақпараты бар тыйым салынған жазуларды бояу бойынша акция бүкіл облыс аумағында бір мезгілде өтті, – деп атап өтті облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ардақ Қайсаров.
Сонымен қатар, полицейлер мен жастар қала және ауыл тұрғындарымен әңгімелесіп, есірткіге қарсы тақырыпта кітапшалар мен парақшалар таратты. Жаман әдеттерден бас тартуға шақырып, сондай-ақ аймақта есірткі заттарын тарататындардың құрбаны болмаудың жолдарын түсіндірді.