«ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ

«ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ

Құрметті Қонаев қаласының тұрғындары, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 13-14 қыркүйекте «Жолда қабылдау» акциясы өткізілуде.

Акция аясында Алматы облысы ПД ЖПҚБ, КҚҚБ және ӘПБ қызметкерлері азаматтарды қабылдайды.

⏰ Азаматтардың өтініштерін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады.

📍 Полиция қызметіне қатысты мәселелер мен кеңес беру мына мекен-жай бойынша өткізіледі: Қонаев қаласы, Алматы көшесі 4/1 (бұрынғы автовокзал).

‼️ Автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін беру, жол қозғалысын ұйымдастыру, жол көліктерін қайта жабдықтау, әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеу, азаматтық қару сатып алу, сондай-ақ автокөліктерін есептен шығару және басқа да мәселелер бойынша қажетті кеңес алуға болады.

Қажет болған жағдайда кез келген адам сол жерде өтініш бере алады.

☎️ Байланыс нөмірлері:
айыппұл төлеу мәселелері бойынша: 8 777 174 44 90, жол көліктерін тіркеу мәселелері бойынша: 8 776 887 88 04, көші-қон мәселелері бойынша: 8 747 063 43 16, патрульдік полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттер мәселелері бойынша: 8 777 050 79 79.