АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ БҰРЫН ЖАСАЛҒАН 823 ҚЫЛМЫСТЫ АШТЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ БҰРЫН ЖАСАЛҒАН 823 ҚЫЛМЫСТЫ АШТЫ

Жыл басынан бері Алматы облысының полицейлері бұрын жасалған 823 қылмысты ашты.

Облыстық департаменттің жедел уәкілдері қылмыстардың ашылуын жақсартуға бағытталған іс-шаралардың барлық кешенін өткізілуде. Жыл басынан бері бұрын жасалған 823 қылмыс ашылды, оның 188-і «өткен жылдар» санатындағы, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 29%-ға жоғары.

– Есірткі қылмыстарын ашу бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Жыл басынан бері есірткіге қатысты 139 қылмыс анықталды, заңсыз айналымнан үш тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді. 11 зертхана жойылды, оның 9-ы синтетикалық есірткі дайындау және 2-і құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру бойынша, – деп атап өтті ведомствода.