АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АДАМДАРДЫ ӨРТТЕН ҚҰТҚАРҒАН ПОЛИЦЕЙЛЕРДІ МАРАПАТТАДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АДАМДАРДЫ ӨРТТЕН ҚҰТҚАРҒАН ПОЛИЦЕЙЛЕРДІ МАРАПАТТАДЫ

Алматы облысының полиция департаментінде өткен сегіз айдың қорытындысы бойынша жедел кеңесте өрт кезінде адамдарды құтқарған полицейлер марапатталды.

20 тамызда Алатау қалалық полиция бөлімінің патрульдік полицейлері полиция капитаны Әділет Шәріпханов пен полиция капитаны Мирасбек Нұрбаев Іле ауданының Боралдай кентінде жеке тұрғын секторды патрульдеу кезінде үйлердің бірінде өрт болып жатқанын байқады.

Көп ойланбастан офицерлер өрт сөндіру қызметін шақырып, адамдарды құтқара бастады. Олар өртеніп жатқан үйдің тұрғындарын, олардың арасында әжесі мен жас балаларын оттан шығарып үлгерді.

– Адлет Шәріпханов пен Мирасбек Нұрбаевтың әрекеті – қызметтегі әрбір адамды шабыттандыратын қайсарлықтың, батылдық пен кәсібиліктің жарқын үлгісі. Олар қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша өз міндеттерін орындап қана қоймай, өз бастарына қауіп төніп, адамдардың өмірін сақтап қалды, – деп атап өтті облыстық тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Абылай Нұрымов.

Бұл оқиға қоғамымызда полиция қызметінің маңыздылығын айғақтап, тыныштығымыз бен қауіпсіздігімізді күзететін нағыз қаһармандардың әрқашан қасымызда екенін тағы бір мәрте дәлелдей түседі.