
Алматы облысының полицейлері жедел медициналық жәрдем қызметкерлерімен бірлесіп, жүргізушілерді рульде ұйықтау қаупі туралы ескерту мақсатында «Түнгі жол» акциясын өткізуде.
– Түнгі уақытта жүргізушілердің, әсіресе жүк көліктері мен жолаушылар тасымалдайтын көлік жүргізушілерінің әл-ауқатына тексеру жүргізуде. Оларды шаршау деңгейі бойынша тексеріп, демалысқа қатысты ұсыныстар беріледі. Қажет болған жағдайда, тұрақ орнына дейін алып жүреді, – деп атап өтті Алматы облысы ПД ППБ взвод командирінің м.а. Жасұлан Рамазанов.
Жол жарақаттануының алдын алу мақсатында полицейлер мұндай профилактикалық іс-шараларды, әсіресе жол-апатына қауіпті жолдарда тұрақты негізде жүргізеді.
– Жолда ұзақ уақыт бойы көлік тізгіндеген жүргізушіде, ең алдымен, реакциясы нашарлайды, жылдамдық сезімі жоғалады, көздің өткірлігі бұзылады. Яғни, жұмыстан шаршаған немесе ұйқы қанбаған күйде оның зейіні төмендейді. Жүргізушілерден көлік құралдарының техникалық жағдайын ғана емес, сонымен қатар өздерінің денсаулық жағдайын бақылауды, шаршаған күйде көлік жүргізуге жол бермеуді, сондай-ақ ҚР ЖҚЕ талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз, – деп толықтырды Ж. Рамазанов.