
Ағымдағы жылдың 17 маусымында Жамбыл ауданы полициясына Алматы қаласының 54 жастағы тұрғыны жайылымнан жалпы құны 3 млн.теңгеден астам сомманы құрайтын 60 қойының ұрлағаны туралы арызданған. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-1-бабының 2-бөлігі 2-тармағы бойынша тіркелді.
Тәртіп сақшылары бір күн ішінде Бурган ауылының 41 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол ұрлық жасағанын толық мойындады. Із кешулер күдіктіден 4 қойды тәркілеген және ол өзінен 55 бас ұсақ малды сатып алған адамды көрсеткен. Тағы бір қой күдіктінің танысынан алынды, ол оны тірі тауарды уақытша сақтағаны үшін алғыс ретінде қалдырған.
Барлық ұрланған мал заңды иесіне қайтарылды. Ал жәбірленген азамат өз кезегінде полицейлерге жедел қызметі үшін алғысын білдірді. Ұсталған азамат бұрын мал ұрлығы үшін екі рет сотты болған. Қазір ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары шеңберінде ұсталған азаматтың аталған санаттағы басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі