Талдықорғанда тонау дерегі "ізі суымай" ашылды

Талдықорғанда тонау дерегі "ізі суымай" ашылды

Күдікті қымбат ұялы телефонды ашық түрде қолды қылған.
Ағымдағы жылдың 15 маусымында Талдықорған қаласы ПБ Шығыс қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 23 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Ол арызында, түнгі сағат 03.00 шамасында Құрманов және Абылай хан көшелерінің қиылысындағы дүкендердің бірінің жанынан белгісіз тұлғаның оның құны 400 000 теңге тұратын ұялы телефонын ашық түрде ұрлап кеткенін көрсеткен. Аталған дерек ҚР КҚ 191-бабы 1-бөлігі «Тонау» бойынша тіркелді.
Оқиға орнына жеткен жедел уәкілдер үш сағат ішінде күдікті - облыс орталығының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ұрланған телефон заттай дәлел ретінде танылғаннан кейін заңды иесіне қайтарылды. Жас жігіт полицейлерге кәсібилігі мен жеделдігі үшін алғысын білдірді. Күдіктінің 2015 жылы қару қолданып бұзақылық жасағаны үшін бас бостандығынан айырылғандығы анықталды.Ұсталған азамат қазіргі уақытта уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.

 

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі