Полиция Жетігендегі 79 жасар қарт әйелдің дене жарақатын алу жағдайын анықтады

Полиция Жетігендегі 79 жасар қарт әйелдің дене жарақатын алу жағдайын анықтады

Естеріңізге сала кетейік, 14 маусымда Іле ауданының орталық аудандық ауруханасына Жетіген ауылының 79 жастағы тұрғыны келіп түскен.
Жауап алу барысында егде жастағы азаматша жалғыз тұратынын, дене жарақатын құлау салдарынан өз үйінде алғандығын жеткізген. Сонымен қатар арыз беруден,сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартқан.
Аталған дерек ҚР ҚК 107-бабы 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бойынша тіркелді.
Сотқа дейінгі тергеу барысында тәртіп сақшылары танысын күректің сабымен ұрғанын мойындаған Жетіген ауылының 70 жастағы тұрғынын анықтады. Айғақ зат қылмыс құралы ретінде сараптамаға жіберілді.Күдікті мекен-жайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылды. Істің барлық егжей-тегжейлі мән-жайлары сотқа дейінгі тергеу барысында белгілі болады. Тергеу жалғасуда.

 

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі