Алматы облысының полицейлері тұрғын үй саласындағы алаяқтардан зардап шеккендерді іздестіруде

Алматы облысының полицейлері тұрғын үй саласындағы алаяқтардан зардап шеккендерді іздестіруде

Соңғы үш күн ішінде Талдықорған қаласының полициясына, тұрғын үйді жалға беремін деп, өзін Ирина есімімен таныстырған бейтаныс әйелдің алдау жолымен жалпы сомасы 340 мың теңгеден астам ақшаларын иемденгені туралы үш азамат арызданған. Ақша соммасын алғаннан кейін, ол өзіне тиесілі емес пәтерлердің мекен-жайын айтып, 2-3 күннен кейін қоныстануды ұсынған.
Арзан бағаға қуанған "жалға алушылар", көрсетілген мекен-жайға келгенде, оларды нағыз қожайын кейіпіндегі жағымсыз тосын сый күткен. Алаяқ өз құрбандарын әлеуметтік желілер арқылы тапқан. Аталған деректер ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық"бойынша тіркелді.
Талдықорған қаласы ПБ Шығыс қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жоғарыда аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен 1977 жылғы Ким Ирина Викторовна есімді азаматшаны ұстады. Азаматша бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін 2020 жылдың 5-ақпанында 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын алған. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жоғарыда аталған азаматшаның әрекеттерінен зардап шеккендерді 8 (7282) 60-80-66 немесе 87058012209 телефон нөмірлері бойынша полицияның кезекші бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз.

 

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі