Алматы облысында барымташылар ұсталды

Алматы облысында барымташылар ұсталды

Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен бір сағат ішінде барымташыларды ұстады.
Ағымдағы жылдың 8 маусымында сағат 16.50 шамасында Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөліміне Түрген ауылының 55 жастағы тұрғыны екі сегіз айлық сиырның ұрланғаны туралы арызданған. Аталған дерек ҚР ҚК-ның 188-1 бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркелді.
«Біз күдіктілердің ықтимал жолдарын тексеріп, бейнебақылау камералары арқылы "Nissan" автокөлігін, содан кейін барымташы Ақшы ауылының 32 және 36 жастағы тұрғындарын анықтадық. Үйіне келген көлік иесінің сарайынан ұрланған сиырлар табылды. Ұсталған азаматтар өз іс-әрекеттерін толық мойындады. Бір сағат ішінде қолды болған мал заңды иесіне қайтарылды»,-деп хабарлайды Еңбекшіқазақ АПБ бастығы, полиция полковнигі Талғат Сеилханов.
Мал иесі тәртіп сақшыларына жеделдігі үшін шексіз алғысын білдірді.
«Қазіргі уақытта ұсталған азматтар уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды және олардың басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдіктілер ұрлаған малдарын тасыған көлік сот шешіміне дейін арнайы тұраққа қойылды»,-деп толықтырды полковник Сеилханов.

 

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі