
Алматы облысының Полиция департаменті өз қатарындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау, жолын кесу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде. Негізгі екпін алдын алу жұмыстарына қойылған. Арнайы құрылған Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен Жеке құрам бойынша инспекция жұмыс істеуде.
«Бүгінгі таңда Өзіндік қауіпсіздік басқармасының негізгі міндеттерінің бірі: ІІО қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және болдырмау, олардың пайда болу себептері мен жағдайларын азайту, халықпен өзара іс - қимыл процестерін цифрландыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ қоғамның сенім деңгейін арттыру . Сонымен қатар тәртіп пен заңдылықты бұзудың алдын алу, тәрбие жұмысын жетілдіру, Ішкі істер органдары қызметкерлерінің имиджін арттыру болып табылады», - деп атап өтті Алматы облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы полиция полковнигі Асет Карменов.
Қызметкерлер қатарынан патрульдік полиция және басқа да қызмет нарядтарының қызмет атқару сапасын тексеру бойынша арнайы топтар құрылды, олар заң бұзушыларды анықтайды. Заң бұзушылыққа жол бергендерге ішкі істер органдарынан босатуға дейінгі қатаң шаралар қолданылады.
Сонымен қатар, Өзіндік қауіпсіздік басқармасы полиция қызметкерлері тарапынан құқыққа қайшы әрекеттерге тап болған немесе анықтаған жағдайда қайда жүгінуге болатынын хабарлады: сенім телефоны 8(7282) 60-81-58, немесе Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абылайхан көшесі, 132 мекен-жайы арқылы. Қазақстан Республикасы ІІМ – нің бірыңғай сенім телефоны-1402.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі