
Ол бағдаршамның қызыл сигналы жанған сәтте жол қиылысынан өткен. Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының жолдарында ЖҚЕ-ге байланысты жаппай шаралар жүргізілуде.
«Патрульдік полиция қызметінің көз алдынан "Мерседес" маркалы автокөлігін тізгіндеген Талдықорған қаласының тұрғыны бағдаршамның қозғалысқа тыйым салатын қызыл түсін елемей өтіп кеткен. Полиция қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы талаптарын орындаудан бас тартқан ол, керісінше, қашуға тырысқан. Бірақ "Бүркіт" экипажы кәсібилік танытып, құқық бұзушының жасырынуға мүмкіндік бермеді. Аталған азаматты тексеру барысында оның басқа да бірқатар құқық бұзушылықтары анықталды. Құқық бұзушының қауіпсіздік белбеуін тақпағаны, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон арқылы сөйлескені, сондай-ақ көлік құралының техникалық тексеруден өткендігін растайтын құжаттың болмағаны белгілі болды. Аталған дерек бойынша 4 әкімшілік хаттама толтырылды», - деп хабарлайды Талдықорған қаласы ПБ Патрульдік полиция ротасының командирі полиция майоры Олжас Отаров.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі