Алматы облысы ПД Экстремизмге қарсы іс- қимыл басқармасы мен Көші-қон қызметі басқармасы қызметкерлері “Мигрант” жедел- алдын алу шарасын өткізу кезінде Іле ауданы аумағында орналасқан қоқыс полигонынан Өзбекстан Республикасының 40 азаматы ұсталды. Тексеру кезінде олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмады.

Көрші елдің азаматтары көші-қон заңнамасын бұза отырып, аталған қоқыс полигонында заңсыз еңбек еткен. Аталған азаматтар жеке басын анықтау үшін Іле ауданы ПБ-на жеткізілді.

Азаматтардың жеке басы анықталғаннан кейін, олар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.