7 ақпан күні "Мигрант" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері, Жамбыл ауданының Көші-қон полициясы қызметкерлерімен бірлесіп Ұзынағаш ауылындағы мейрамхана кешендерінің бірін тексерді. Аталған жұмыстар барысында 1986, 1999 және екі 2001 жылғы Тәжікстан Республикасының төрт азаматы ұсталды.

Аталған адамдар аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Жауап алу барысында оларды 28 жастағы жергілікті тұрғын мейрамхана кешенін салу үшін жалдап, қорқыту арқылы жұмыс жасатқызғанын жеткізді. Аталған дерек заңсыз бас бостандығынан айыру қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелді.

Қазіргі уақытта істі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде және кінәлі адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.