Талдықорған қаласында үш күн ішінде 267 жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Талдықорған қаласында үш күн ішінде 267 жүргізуші жауапкершілікке тартылды

29 автокөлік айып тұрағына қойылды.
Талдықорған қаласында үш тәулік ішінде барлығы 267 ЖҚЕ қатысты құқық бұзушылық анықталды. Негізгі құқық бұзушылықтар: көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдалану, қауіпсіздік белдіктерін тақпау, маневр жасау ережелерін бұзу, басқару құқығынсыз көлікті басқару. Елеулі алаңдаушылық туғызған деректер қатарында автомобильді мас күйінде басқарудың – 2 дерегі және жаяу жүргіншілер жол берген құқық бұзушылықтың – 87 дерегі бар. Жедел-алдын алу шарасы барысында 29 автокөлік айып тұраққа қойылды.
«Жедел-алдын алу шарасы кезінде қала сыртындағы жолдарда, сондай-ақ түнгі уақытта аталған іс-шараларға учаскелік инспекторлар мен мүдделі мемлекеттік органдар тартыла отырып, патрульдік полиция нарядтарының тығыздығы артты. Жоғары жылдамдық режимі, басып озу, қарсы жүріп өту, жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту және өзге де ЖҚЕ-ның баптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Іс-шараны өткізу кезінде патрульдік машиналарда орнатылған мобильді радарлар барынша пайдаланылды»,-деп хабарлайды Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Асқар Нұрсапа.
Ұйымдастырылған іс-шараның басты мақсаты, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және ЖКО санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу.
«ЖҚЕ- ге байланысты өрескел құқық бұзушылықтар саны айтарлықтай азайды. Алайда, бізді жаяу жүргіншілердің жол жүру ережелерін сақтамауы, белгіленбеген және жабдықталмаған жерлердегі көшелерден өтуге деген қатынасы алаңдатады. Біз алдағы уақытта да осындай іс-шараларды жүргізетін боламыз. Мен жол қозғалысының барлық қатысушыларын өздерінің денсаулығы мен өміріне, әсіресе жазғы демалыс кезінде балаларына мұқият болуға шақырамын»,-деп толықтырды полковник Асқар Нұрсапа.

 

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі