Алматы облысында "Қауіпсіз жол" жедел – алдын алу іс-шарасы жол ережесін бұзған 1 мың 300-ден астам құқық бұзушыны анықтады

Алматы облысында "Қауіпсіз жол" жедел – алдын алу іс-шарасы жол ережесін бұзған 1 мың 300-ден астам құқық бұзушыны анықтады

Алматы облысында "Қауіпсіз жол"жедел-алдын алу шарасы өз жұмысын бастады. Кең ауқымды іс-шара жол-көлік оқиғалары мен олардың зардаптарының ауырлығын алдын алуға және төмендетуге, жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерінің жолын кесуге және анықтауға бағытталған. Өткен тәуліктің өзінде облыс жолдарында 1318 ЖҚЕ-ні бұзушы тіркелді, ал екі күн ішінде патрульдік полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзған 2246 азаматты анықтаған.
«Құқық бұзушылықтың көшбастар үштігінде: жаяу жүргіншілер ережесін бұзу-360 дерек, белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру-103 хаттама, мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген жүргізушілердің көлік құралдарын басқаруы - 63 оқиға . Патрульдік полицияның жеке құрамы күшейтілген түрде қызмет атқаруда», - дейді Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Бағдат Әшімов.
Полиция нарядтары мас күйінде автокөлікті басқару, қарсы қозғалыс жолағына шығу, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау, ұялы телефон арқылы сөйлесу және жол-көлік оқиғаларын жасауға алғышарттар жасайтын басқа да ЖҚЕ-ге қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмысттарды күшейтуде.
«Елді мекендердің қиылыстарындағы, автомобиль жолдарындағы және көшелердегі наряд тығыздығы артты. Ішкі істер органдарының қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрықтары мен нормативтік-құқықтық құжаттары негізінде жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің міндеттері мен жұмыс әдістері нақты анықталған. Олар автопатрульдеуді, жаяу патрульдеуді, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушыларды қадағалауды қамтиды. Жоғарыда аталған жұмыстардың барлық әдістері осы жедел-алдын алу іс – шараларын өткізу аясында қолданылуда», - деп толықтырды полковник Әшімов.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі