
Автожолдарды күтіп ұстау талаптарын орындамағаны үшін 124 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Облыс аумағында 19 097 км жалпы қолданыстағы автожол бар, оның ішінде: 2 822 - халықаралық және Республикалық маңызы бар, 6 135 – облыстық, 1 835 - аудандық маңызы бар, 8 170 км - елді мекендердің көшелері және 135 км - шаруашылық жолдар.
«Жолдарды тиісінше күтіп-ұстамау және уақытылы жол жабындыларына қызмет көрсетпеу жол-көлік оқиғаларына ықпал еттетін бірден-бір себептердің бірі. Жыл басынан бері жол-техникалық инспекция бөлімшелері жалпы пайдаланымдағы автожолдарға 870-тен астам тексеру жүргізді. Нәтижесінде 877 ұйғарым шығарылды, оның ішінде 123 республикалық, 191 жергілікті жолдар бойынша және 563 көше-жол желілері бойынша. 3 235 ақау анықталды. Автожолдарды күтіп ұстау бойынша талаптарды орындамағаны үшін жол ұйымдарының 124 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Ұйғарымды орындамаған Талдықорған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, сондай-ақ 3 заңды тұлға: "Қазақавтожол" ЖШС, "ТЕДА" ЖШС, "Талдықорған жолдары"ЖШС жауапкершілікке тартылды. «Нұр Отан» облыстық филиалы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Адалдық алаңы» орталығында жолдарды тиісті дәрежеде ұстау мен қызмет көрсетудің өзекті мәселелері қаралды»,- деп хабарлайды Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Дәулет Молдаханов.
Берілген ұйғарымдар бойынша жол ұйымдары ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап республикалық жолдарда күн батареяларынан жыпылықтайтын 1 300 бірлік катофот, 710 дана сигнал бағаналары, 2 600 ш.м. осьтік (шеткі) және 350 ш. м. жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері орнатылды. 2 200 м қоршау ауыстырылды (қисық сызықты брус) және шұңқырларды жөндеу жұмыстары әлі де жүргізілуде.
Қолда бардан өзге, ағымдағы жылы 80 дана жарықдиодты белсенді жол белгілерін орнату- (3.24 «Ең жоғары жылдамдықты шектеу», 5.16.1 «Жаяу жүргіншілер өткелі») және 4 500 дана күн батареясынан жыпылықтайтын катофот, 80 дана буфер, айнымалы ақпараты ақпараттық-электронды табло, шулы жолақтар мен қайталанатын жол белгілерін салу, жолдың жүру бөлігі алдындағы жаяу жүргінші өткелдерін орнату жоспарланған. Келешекте 8 жер үсті жаяу жүргіншілер жолын салу жоспарлануда. Облыстық автожолдарда және көше-жол желілерінде 1014 дана жол белгілері орнатылып, 11 618 ш.м. жол таңбалары салынды және2 797 ш. м. жол жүру бөлігіндегі ақаулар жойылды.
«Еңбекшіқазақ ауданында «Есік-Саймасай» автожолының 6 шақырымында жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы басталды. Бұл учаске ЖКО шоғырлануы бойынша апаттық-қауіпті болып табылады және көбінесе жаяу жүргіншілердің қатысуымен оқыс оқиғалар орын алады. Сондай - ақ, Қарасай ауданының Шамалған бекетінде темір жол арқылы өтетін жер үсті жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы жүргізілуде», - деп толықтырды полковник Молдаханов.
Полиция департаментінде автомобиль жолдарын тексеру Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлерімен бірлесіп ай сайын жүргізілетінін атап өтті.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі